Белгісіз ер адам оқушыларға оқ жаудырды

Белгісіз ер адам оқушыларға оқ жаудырды
10.03.2025 16:01
0
112
pixabay.com

Мәскеуде белгісіз ер адам мектеп оқушыларына тапаншадан оқ атты.

SHOT телеграм арнасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі оқиға кеше кешкі сағат тоғыз шамасында Солнцево ауданында болғанын хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, басы тақырлап алынған ер адам 15 жастағы екі жасөспірімді көріп, қаруына жүгінген. Жасөспірімдердің айтуынша, оған ешқандай себеп болмаған. Белгісіз адам тапаншасын шығарып, тікелей олардың бастарына бағыттап оқ атқан.

Абырой болғанда, оқушылар кіреберіске қашып үлгерген. Ер адам олардың артынан кіруге тырысқанымен, темір есік оған тосқауыл болды. Қазір құқық қорғау органдары оны жауапкершілікке тартуды талап етуде. Оқиғаның себебі анықталуда.

 Күдікті ұсталды. Қазір ол тергеуде, ал оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий