Белсенді Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады - Бас прокуратура

Бас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Деректер бойынша, 15 сәуірде Черногория соты Дина Таңсәріні осы елден баспана сұраған өтініші қаралмағандықтан қамаудан босатқан.
"Қазақстан Республикасы мен Черногория Республикасы арасында ұстап беру туралы халықаралық шарт болмағандықтан, оны экстрадициялау туралы шешімді Черногорияның құзыретті органдары ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды", - деді Бас прокуратура өкілдері.
Қазір Қазақстанда Дина Таңсәріге қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеу мерзімдері тоқтатылған.
Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталған еді. Ол 14 сәуірде Астана уақытымен шамамен 18:30-да видеоүндеу жолдап, полиция бөлімшесінде отырғанын айтып, 15 сәуірде экстрадиция мәселесі бойынша сот өтетінін хабарлады.
Соңғы жаңалықтар





