Бензин қымбаттауда: Қазақстандықтар шағын көлемді қозғалтқышы бар көліктерге ауыса ма?

Бензин қымбаттауда: Қазақстандықтар шағын көлемді қозғалтқышы бар көліктерге ауыса ма?
07.02.2025 10:54
0
323
Informburo.kz
Сарапшылар: АИ-92 бензині 320 теңгеге жетуі мүмкін

Қазақстанда бензин бағасының өсуі көлік нарығына әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сарапшылардың болжауынша, бензин бағасы жыл соңына дейін 40%-ға дейін қымбаттауы мүмкін. Энергетика саласының сарапшысы Ануар Қожабеков ай сайын бағаның 5-10 теңгеге көтерілуі мүмкін екенін айтады.

Қазақстан АИ-95 бензинін толық көлемде өндірмейді және оны импорттауға мәжбүр. Бұл отын бағасының айтарлықтай қымбаттауына әкеледі. Сарапшылардың пікірінше, АИ-92 бензині 320 теңгеге, ал АИ-95 350 теңгеге жетуі мүмкін.

Отын құнының көтерілуі қазақстандықтардың автокөлік таңдауына да әсер етуі мүмкін. Автоэксперт Арсен Шакуовтың айтуынша, халық енді отынды үнемдейтін, қозғалтқыш көлемі 1,5 литрден аспайтын жаңа көліктерді көбірек таңдай бастайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1,8-2,5 литрлік қозғалтқышы бар көліктер басым, бірақ сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары шағын қозғалтқышты көліктерге сұраныс артуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, отын бағасының өсуі қазақстандық автопарктың жасаруына ықпал етуі мүмкін, өйткені жаңа буын көліктері жанармайды аз тұтынатын қозғалтқыштармен жабдықталған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий