Берденовты атқан адам сотта соңғы сөзін сөйледі
489
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін айыпталушы Ернар Жиембай соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айыпталушы соңғы сөзінде кінәні ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.
"Тағылған айыппен ішінара келісемін. Алайда бұл оқиға өздігінен болған жоқ деп сеніммен айта аламын. Ақыл-есім сау, бұл сараптама нәтижелерімен де расталады. Ешқандай себепсіз бейтаныс адамды қорқыту үшін қару алып, атпас едім. Сот процесінде берген айғақтарымды толық растаймын. Жәбірленуші Руслан Арысбекұлы Берденовтен болған оқиға үшін кешірім сұраймын", - деді ол.
Судья Әбінұр Қарабаев кеңесу бөлмесіне шықты. Бұл іс бойынша үкім жарияланатын уақыт қосымша хабарланады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...