Берденовтың Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеткені рас па?

26.08.2025 • 14:10 Admin
Берденовтың Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеткені рас па?
610
Фото: gov.kz

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әкімдік оның әлі де өз қызметінде екенін, қазіргі уақытта денсаулығына байланысты еңбек демалысында жүргенін хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оның қызметінен кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, Берденовтің уақытша болмауына байланысты әкімдікте екі жаңа орынбасар тағайындалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий