Бес ай бұрын жоғалған жас жігіттің денесі өз ауласынан табылды

Бес ай бұрын жоғалған жас жігіттің денесі өз ауласынан табылды
21.08.2025 13:30
0
707
ашық дереккөз

Әзербайжанда кешенді тергеу шараларының нәтижесінде бес ай бұрын жоғалып кеткен азаматтың қасақана өлтірілгені анықталды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 1994 жылы туған, Газах ауданына қарасты Ашагы Салахлы ауылының тұрғыны Тамерлан Садыговтың 20 наурызда із-түзсіз жоғалуына байланысты аудандық прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы (өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша іс қозғаған.

Алайда жүргізілген тергеу және процессуалдық іс-шаралар нәтижесінде Т.Садыговтың өзімен бірге ауылда тұратын 1988 жылы туған Халиг Мамедрзаев тарапынан қасақана өлтірілгені жөнінде негізделген күдік туындаған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті марқұмның мәйітін жеке тұрғын үй ауласында көмген.

Қазіргі уақытта мәйіттің қалдықтары қазылып алынып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 2025 жылғы 20 тамызда Х.Мамедрзаев күдікті ретінде ұсталды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий