Бес жастағы баланың аяғын трактор жұлып кетті

Бурятияның Бичур ауданының орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері трактор астына түсіп қалған бес жасар балаға ота жасады. Бұл туралы Бурятия Республикасының Бичур ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 30 шілдеде болған. Баланың аяғы трактордың қозғалыс бөліктеріне түсіп, нәтижесінде табаны жартылай үзіліп кеткен.
Зардап шеккен бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дереу операция жасалды.
«Операция төрт сағатқа созылды. Хирург Дмитрий Мамонтов пен оның тобының үйлесімді жұмысының арқасында баланың аяғын аман алып қалдық. Қазір ол Балаларға арналған республикалық клиникалық ауруханада, жағдайы тұрақты», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әкімдік мұндай жағдайдың алғаш болып отырмағанын атап өтіп, ата-аналарға балаларды шөп шабу науқанына ертіп бармауға және техника маңында қалдырмауға шақырды.
Соңғы жаңалықтар





