"Бездарный адам...": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді

04.07.2025 11:41
0
312
ашық дереккөзден

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваның өзіне бағытталған сынына жауап берді.

Меруерт Түсіпбаева желіде жарияланған видеода Баян Алагөзованың қазақ кинематографиясындағы шедеврлерді жасауға жеткілікті деңгейге жетпегенін мәлімдеген.

«Баян Алагөзова тракторшы мен сиыр туралы кино түсіреді. Қазақ тілін жетік білмейтін продюсер “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” секілді фильмдерді жасау деңгейіне жеткен жоқ. Мұны ханым Баян мойындауы керек», – дейді әнші.

Желі қолданушыларының айтуынша, Түсіпбаева өз мәлімдемесінде «эпос» пен «этнос» сөздерінің мағынасын шатастырып алған.

Instagram желісіндегі парақшасында Баян Алагөзова бұл сынға қысқа ғана жауап берді:
«Адами қабілеті төмен адам – үнемі біреуге өкпелі», – деп жазды продюсер.

Бұл жазба қазір желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий