"Бір пәтердің құны": Төреғали Төреәлінің ата-анасы қыздарына сырға сыйлап, қызу талқыға түсті

25.02.2025 14:05
0
61
видеодан алынған кадр

Блогер Фариза Төреәлі сіңлісіне қымбат көлік пен 2,17 миллион теңгелік сырға сыйлады.

Блогер Фариза Төреәлі сіңлісі Динаның жекеменшік мерекесіне ерекше сыйлық жасады. Ол сіңлісіне қымбат көлік тарту етіп, ата-анасы Динаның туған күніне құны 2 миллион 170 мың теңге болатын сырға сыйлаған.

"Анашым мен әкешім Динаның туған күніне сырға алып жатыр. Бұл – отбасымыздың атынан. Өздеріне ұнаған сырғаны таңдады", – деді Фариза Төреәлі.

Айта кетейік, видеода сырғаның бағасы анық көрсетілген. Өнерлі отбасы бұл сыйлыққа 2 миллион 170 мың теңге жұмсаған.

Желі қолданушыларының пікірі

Әлеуметтік желі қолданушылары блогердің қымбат сыйлығын қызу талқылап жатыр. Пікірлер әртүрлі:

  • "Не деген ақша?!"

  • "Бір пәтердің құны ғой."

  • "Керемет сыйлық екен!"

  • "Айлықтан айлыққа әрең күн көріп жүрміз."

  • "Анасы мен қызы ақымақтау екен, соны елге көрсетпесе болмай ма?!"

  • "Сырғадан үй соға ма, осылар?"

Фариза Төреәлінің сіңлісіне жасаған қымбат сыйлығы желіде қызу талқыға түсті. Бірі мұны отбасының жетістігі деп бағаласа, енді бірі қарапайым халықтың тұрмысымен салыстырып, сынға алды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий