«Біресе ит, біресе мысық болып...»: Жеңіс Ысқақова да Ақбота Керімбековаға қолдау білдірді
868
Ұлттық арна продюсері құрметсіздік көрсетті деп ашуланған әнші Ақбота Керімбековаға әріптестері жаппай қолдау білдіріп жатыр. Бұл жолы оның сөзін ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова растады.
Ақботажанның жанайқайы мені бейжай қалдырмады. Айтып отырғаны – дұрыс әрі тереңдеп кеткен мәселе. Оның ашынып отырғаны – құрметсіздік! Өздері шақыруын шақырып алып, дөрекілік көрсетіп отырғандары тіпті масқара?! Ол аз болғандай, жағдайдың мән-жайын дұрыс түсінбей, айтылып жатқан пікірлерді оқып, тағы қарным ашты. Қазір эфирдің емес, интернеттің заманы. Солай бола тұра, алтын уақытын қиып, үлкенмін демей, жоба ұсынысын құп алып барып тұрғанда жасағаны осы болса, Ақботадан осындай үндеуден басқа не әрекет күтуге болады?! - дейді Жеңіс Ысқақова.Айтуынша, оның өзі де талай рет түрлі ұйымдастырушылар тарапынан құйтырқы әрекеттерді көрген.
Біз де мұндайдың талайын көрдік. Басың бар, жасың бар демей, өз ұлтымыздың арналарында да қара тізімге енген кездер болған. Ал дәл мынадай ресейлік арналардағы жобалардың көшірмесін қойғаны үшін әйдік боп жүрген медиатоп өкілдері мемлекет қаржысынан миллиондап ақша алады. Сосын танымал адамдарды пайдаланып, есебін жабады. Сол жобада ресейлік, украиналық режиссерлердің талабымен біресе ит болып, біресе мысық болып жүретін – әртістер. Баяғы қазақшылықпен көк тиын алмай, өз тыңдармандарына жеккөрінішті болып қала береді. Сондағы еститін сөзіміз осындай ма? Сондықтан мен Динара Адам жазба түрде өткен-кеткенді айтып, дос екенін дәлелдегенше, көп алдында Ақботадан кешірім сұрағаны жөн деп ойлаймын. Тағы айтайын дегенім, жалпы әрбір телевизиялық түсірілімдер мен концерттер қатысушыларға қаламақы төлеуді бастауы керек. Сол кезде бәрі әділетті болады, – деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар
04.07.2026
14:09
«Өлтіремін деп қорқытқан»: Танымал қазақ боксшы...
04.07.2026
13:27
«Бірінші орынға шыққанда ғана…»: Бибісара Асауб...
04.07.2026
12:25
Қазақ журналистикасы қара жамылды: Белгілі қала...
04.07.2026
11:28
Әйелдің денесі туған ағасының пәтерінде бөлшект...
04.07.2026
10:25
Алматыда ағаш бұтағы қыздың үстіне құлап, қаза ...
04.07.2026
09:56
«Жүрегінде қазаққа деген өкпе бар». Тарихшы Мұх...