"Біртүрлі қарадың деп ашуланатын". Карина Мамаш дипломат күйеуінің абьюздік қарым-қатынасы жайлы айтты
Карина Мамаш дипломат күйеуінің абьюздік қарым-қатынасы жайлы айтты, - деп хабарлайды politico.kz тілшісі.
"Ол кез келген нәрсеге ашуланатын. Мысалы, "тамақты дұрыс пісірмедің", "біртүрлі қарадың", "бала тәрбиесімен дұрыс айналыспайсың" деп бірден ашуға салынатын. Біз БАӘ тұрған кезде ол таңертең балаларды мектепке апарып, түсте алып келетін. Яғни ол таңертең сағат 8:00-ден бастап, түске дейін ғана жұмыс істейтін. Олар үйге келгенде мен тамақтарын беремін, ал Сәкен ары қарай ұйықтайтын. Содан соң сағат 18:00-де тұрып, бірдеңе жеп алып, ары қарай ішуге кететін. Мен "сен ұйықтап ал, содан кейін балалармен бірге уақыт өткізейік" деп айтатынмын, бірақ ол елемейтін", - дейді Карина Мамаш. Сондай-ақ Каринаның айтуынша, дипломат оған жұмыс істеуге тыйым салған. "Мен одан ешқандай қолдау күтпеймін. Мен балаларды өзім қамтамасыз ете аламын. Ол 10 жыл бойы мені басып келді. Мен жұмыс жасағым келген кезде тыйым салды. Мүмкіндіктер болды, мені түсірілімдерге шақыратын. Бірақ ол әр түсірілім алдында мені ұратын. Сондықтан мен өзім бас тартатынмын", - деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...