Бишімбаев балаларына алимент төлемеу үшін мүлкін басқаларға аударып жіберген

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың алиментті азайту үшін өз атына тіркелген мүліктерді өзгелерге рәсімдегені белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kzсайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Назым Қахарманның адвокаты Бибінұр Мұратова айтып берді.
2020 жылы Бишімбаев пен оның бұрынғы жары Назым Қахарман үш балаға алимент төлеу туралы келісімге келген. Алайда арада бірнеше жыл өткен соң, экс-министр сотқа арыз жазып, өзінің қаржылық жағдайы нашарлағанын айтып, алиментті азайтуды сұраған.
«Сотта біз оның мүлкі бар екенін дәлелдедік. Қылмыстық іс кезінде де, қазір де ол иелік еткен дүние-мүлік болған. Бірақ ол мүлікті басқалардың атына аударды», – дейді адвокат.
Яғни Бишімбаев мүлкін сыйға беру арқылы өз атынан шығарып тастаған. Бірақ бұл айла соттан өтпеді. Сот оның әрекетін «алименттен жалтару» деп бағалап, арызын кері қайтарды.
«Ол алимент мөлшерін бірнеше есе азайтуды талап етті. Сот бұл талапты қанағаттандырмады», – деді Мұратова.
Енді Бишімбаев балалар кәмелеттік жасқа толғанша алиментті бұрынғы берген ақшасын төлей беруге міндетті.
Соңғы жаңалықтар





