Бишімбаевтың ата-анасы істі ұтты, бірақ сұраған 16 млн теңгенің орнына 200 мың теңге ғана өндіріп алды

Бишімбаевтың ата-анасы істі ұтты, бірақ сұраған 16 млн теңгенің орнына 200 мың теңге ғана өндіріп алды
23.05.2025 14:11
0
1021
Фото: Жоғары сот
Моральдық шығын 200 мың теңгеге бағаланды

Бишімбаевтың ата-анасы істі ұтты, бірақ сұраған 16 млн теңгенің орнына 200 мың теңге ғана өндіріп алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың ата-анасының туыстары Қайрат Кемеловтың арызы бойынша олардың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды.

Airan YouTube-арнасына берген сұхбатында Қайрат Кемеловтың айтқан екі сөйлемі Бишімбаевтар отбасының абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін деп танылды. Сот шешіміне сәйкес, Кемелов сол платформада бұл мәлімдемелерді теріске шығаруға міндетті. Моральдық шығын әр ата-анаға 100 мың теңгеден (жалпы 200 мың теңге) бағаланды. Бұл ретте, талап арыздарында ата-аналар әрқайсысына 8 миллион теңгеден, яғни жалпы 16 миллион теңге моральдық өтемақы талап еткен болатын. Соттың үкімі бойынша, Кемелов сот шығындары мен баж салығын ескере отырып, Бишімбаевтың ата-анасына әрқайсысына 305 мың теңгеден (барлығы 610 мың теңге) төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, аталған азаматтық істің қозғалуына Қайрат Кемеловтың бұған дейін берген мәлімдемелері себеп болған. Кемелов – сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровтың әріптесі және Бишімбаевтардың туысы. Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот ісі барысында куәгер болған Кемеловтың сөзінше, Бишімбаевтың ата-анасы оның ұлының пайдасына сараптаманы бұрмалау үшін оған ақша төлегісі келген. Тіпті, осы мақсатта BAU мейрамханасын беруге дайын болған деген мәлімет те айтылған еді.

Дереккөз: За нами уже выехали

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий