"Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген": астаналық тұрғын алаяқтық үшін сотталды
858
Астанада алаяқтық жасады және Қуандық Бишімбаевтың анасын пара беруге итермеледі деп айыпталған Людмила Грачеваның ісі бойынша алқа билер соты шешім шығарды.
Бұған дейін прокурор Людмила Грачеваны Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын: ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу"; ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігімен "Аса ірі мөлшерде пара беру" бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігінде "Арандату" қолданылып, қылмыстық іс қозғалды.
Людмила Грачева сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге арналған 100 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отырғаны белгілі болды.
Сот алқабилердің қатысуымен өткендіктен, судья оларға мынадай сұрақ қойды: "2024 жылдың 17 мамырында Грачеваның әңгіме барысында Нұрлыбекованы (Қуандық Бишімбаевтың анасы – автордың ескертуі) ұлы Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 миллион теңге аударуға көндіргені, бұл қаражатты шенеуніктерге пара ретінде беру Грачева кінәлі ме деген сұрақтар қойылды.
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
15:44
Баян Алагөзова Гүлмира Сатыбалдының сотталуына ...
10.09.2026
15:41
«Тазалық айыппұлдан емес, балабақшадан басталуы...
10.09.2026
15:34
Баян Алагөзова: Тұрсынмен ақша үшін қосылған жо...
10.09.2026
15:32
«Отандық өндіруші» мәртебесі импортты бүркемеле...
10.09.2026
15:18
«12 келі салмақ тастадым»: Әсел Сәдуақасова қал...
10.09.2026
15:17
«Қазақмыстың» 103 қызметкері Ұлытау университет...