Блогер Айжан Байзақова жүктілігі жайында жылап айтты

Даулы блогер әрі медиа-дива Айжан Байзакова Instagram парақшасында үшінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Біз әлі үш жыл күтеміз деп ойладық», - деп жазды ол.
Оның айтуынша, жүктілігі жайлы ол маусым айында Мальдивтен демалыстан оралған соң білген. Айжан бұл жаңалықтың өзі үшін күтпеген жағдай болғанын жасырмады.
«Мальдивтен келдім де, жүкті екенімді білдім. Шок болдым, өйткені біз әлі үш жылдай демаламыз деп ойлағанбыз», — деді Байзакова.
Жүктілігі оңай өткен жоқ. Блогердің айтуынша, ол қатты токсикозға және түсік тастау қаупіне тап болған.
«Екі апта бойы ауруханада жатып, сақтандыру емін алдым. Көптеген ұшулар мен іс-шараларды тоқтатуға тура келді. Тек жатып күттім. Нұрбек қасыма келіп, көңілімді көтеруге тырысты. Бірақ мен күні-түні жылап жаттым. Оған қоса, мына жиіркенішті токсикоз. Мұндай болатынын білмеппін», — деп бөлісті ол.
Соңғы жаңалықтар





