Блогер Мереке Қалбаева не үшін жылағаны белгілі болды

Блогер Мереке Қалбаева не үшін жылағаны белгілі болды
19.12.2024 19:27
0
43
Коллаж: sn.kz

Отандық танымал блогер және жайдарманшы Мереке Қалбаева күтпеген жерден жаңа көліктің иесі атанды. Құрбылары оған қымбат тосынсый жасап, қымбат автокөлігін тарту етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл қуанышты оқиғамен Мереке Қалбаева өз оқырмандарымен Instagram парақшасында бөлісті. Блогер жариялаған видеода достарының мерекелік шара барысында сөз сөйлеп, соңында көлік кілтін табыстағаны көрсетілген. Мұндай сыйлықты күтпеген Мереке қуаныштан көзіне жас алды.

"Жүректеріңізге маған деген махаббатты салған Аллаға мың шүкір! Дүниемен сыйласқан адам ешқашан дегеніне жетпейді, ең бастысы ниетің таза, пейілің кең болсын. Сол кезде Алланың берері көп болады. Осындай мықты орта бәріңізге жұғысты болсын", – деп әсерлі жазба қалдырды блогер.

Бұл ерекше тосынсый Қалбаеваның жақындары мен оқырмандарын тағы да қуантты. Желі қолданушылары блогердің достық қарым-қатынасына ризашылық білдіріп, пікір қалдыруда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или