Bloomberg: Украина Мәскеуге рекордтық дрон шабуылын жасады

Украина Мәскеуге қарсы ең ірі дрон шабуылын жасады – Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі 69 ұшқышсыз аппаратты жойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Ресейдің әуе-қорғаныс күштері Мәскеуге бағытталған 69 украиналық дронды атып түсірді. Бұл үш жылға жалғасқан қақтығыс кезінде Ресей астанасына жасалған ең ірі шабуыл сияқты.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин түн ішінде Telegram желісінде жариялаған бірнеше хабарламасында дрондардың Мәскеу облысының әртүрлі аудандары үстінде атып түсірілгенін айтты.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алғанын Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев Telegram-да мәлімдеді. Ресейдің басқа да аймақтарында дрондардың ұсталғаны туралы мәліметтер түскен.
«Интерфакс» агенттігі Росавиацияға сілтеме жасап хабарлағандай, Мәскеудегі төрт негізгі әуежайда ұшуға уақытша шектеулер енгізілді.
Шабуыл Украина мен АҚШ делегациялары Сауд Арабиясындағы ықтимал бейбіт реттеу келісімін талқылау үшін кездесуге дайындалып жатқанда орын алды.
Кездесу алдында Украина президенті Владимир Зеленский оқ атуды тоқтатудың алғашқы қадамы ретінде әуе соққыларын және теңіз операцияларын доғаруды ұсынды.
Бұған дейін Мәскеу қаңтар айындағы дрондар шабуылы жөнінде хабарлап, ол кезде әуе-қорғаныс күштерінің 6 дронды атып түсіргенін айтқан. Ал 2024 жылғы тамыздағы сол уақытқа дейінгі ең ірі шабуыл кезінде Мәскеу ПВО жүйелері 10 дронды қағып түсірген.
Соңғы жаңалықтар





