"Бөпені қайтесің": Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуі туралы жан сырын айтты
1228
Тамынал жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен алғаш танысқан кезіе еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді. Желі жұлдызы жолдасы екеуінің қыз бен жігіт болып жүрген кездегі суреттерін жариялады.
Мереке Қалбаева жеке өмірі туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Жайдараншы жолдасымен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып, жас айырмашылығы ол үшін ешқашан кедергі болмағанын жеткізді.
"Арсеннің бұрынғы түрі потолок, иә? Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Таңдау көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде "өтірік" деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт "Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін" деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым. Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, "Бөпені не қайтесің?" дегені есіме түсіп кетті. Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой. Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой", - деп ағынан жарылды блогер ару.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
11:27
Мектептегі төбелес: Таразда көзінен айырылған 1...
22.09.2026
10:33
Алматы облысында жоғалған 17-дегі қыз Қарағанды...
22.09.2026
10:26
Бұрынғы ҰҚК қызметкерлері сотталды
22.09.2026
10:17
«Дәрілер де көмектеспейді»: Астанада краннан құ...
22.09.2026
10:12
Қыз бала ата-анасының арасын жақындата ма?
22.09.2026
09:48
«Шешесімен бірігіп, өз үйімнен қуды»: Жанель Ма...