«Бүкіл экипаж көз жұмды»: Қазақстан шекарасына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырады

02.02.2026 16:15 Әсел Мұрат
«Бүкіл экипаж көз жұмды»: Қазақстан шекарасына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырады
496
фото: Telegram/@SHOT

Қазақстан шекарасына жақын аумақта Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы жағдай туралы ақпаратты Росавиация ресми түрде растады. Әуе апаты салдарынан ұшқыш пен екі курсант қаза тапты.

Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласы маңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Diamond DA40 үлгісіндегі оқу ұшағы құлаған. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әуе кемесі Санкт-Петербург мемлекеттік азаматтық авиация университетіне тиесілі болған. Ұшақ бортында екі курсант пен нұсқаушы болған. Экипаждың барлық мүшесі қаза тапты.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі оқу ұшағының апатқа ұшырағанын және үш адамның көз жұмғанын растады. Әуе кемесі жерге құлағаннан кейін өрт тіркелмеген.

ТЖМ мәліметінше, ұшақ оқу-жаттығу рейсін орындап жүрген. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, сондай-ақ қаза тапқандардың кім екенін анықтау жұмысы жүргізілуде.

Shot телеграм-арнасының хабарлауынша, курсанттардың жасы 20 және 21-де, ал нұсқаушы 36 жаста болған. 

Алдын ала болжамға сәйкес, ұшақ ауада тепе-теңдігін жоғалтып алып, басқаруға келмеген. 

Апаттың нақты себептері анықталып жатыр.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий