Бұл әулетте 108 жылдан кейін алғаш рет қыз бала дүниеге келеді

Бұл әулетте 108 жылдан кейін алғаш рет қыз бала дүниеге келеді
11.09.2025 11:08
0
248
pexels.com

АҚШ-тың Техас штатында тұратын Шерман әулеті 108 жылдан кейін алғаш рет қыз бала дүниеге келетінін хабарлады, деп жазады ABC13 арнасы.

Отағасы Майкл Шерман — бірнеше ұрпақ бойы өрт сөндіруші қызметін атқарып келе жатқан жанұяның мүшесі. Оның айтуынша, Шерман тегімен соңғы дүниеге келген қыз бала — 1917 жылы Атланта қаласында өмірге келген туған әпкесінің немере қарындасы болған.

«Ол Атлантадағы азаматтық құқықтар үшін күрескен белсенділердің бірі болды және қала тұрғындарының өміріне үлкен ықпал етті», — деді Майкл. Ол болашақ қызының кім болып өсетінін асыға күтетінін жасырмады.

Майкл Шерманның айтуынша, қыз бала 2026 жылдың наурыз айының басында дүниеге келмек. Сондай-ақ олар бұл оқиғаны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін өтініш беруді жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий