Бүркіт пен Аиша кредитке көлік алатындарды сынға алды

Бүркіт пен Аиша кредитке көлік алатындарды сынға алды
27.08.2025 19:04
0
129
Фото: https://www.instagram.com/berkut_aibekjan/

Танымал жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша көлікті несиеге алатындарды сынады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнерлі жұп дастархан басындағы әңгімені жеке парақшасында жариялады. Олар халықтың кредитке батып отырғанын талқылаған.

“Қарызға батқан дұрыс емес. Әркімнің жағдайы әртүрлі, түсінем. Бірақ мүмкіндігінше, кредит пен парызға кірмеген жөн. Тырысыңыздар! Үйді несиеге рәсімдеуге болады. Ол керек дүние. Кредитке көлік алғанды түсінбеймін. Алла көмектеседі. Қолыңда қанша ақша бар, соның жеткенінше ал. Алдымызда жақсы күндер көп болсын!”, – деп жазды Бүркіт. 

Желі қолданушылар түрлі пікір білдіріп, әншінің пікірімен келіспейтінін жарыса жазып жатыр.

“Қарызға көлік алмау керек деді ме? Егер солай айтса, онда тойынған адам екен. Ешкім жетіскеннен алмайды. Жетпейді, жеткізе алмай алады. Шала қазақтар, қарапайым халық қалай күн кешіп жатқанын бұлар қайдан білсін? Аш баламен тоқ бала ойнамайды деген осы ғой. Қазір көліксіз іс бітпейді. Бұл әншіні тыңдап, сыйлаушы едім, ойымды өзгертіп жіберді. Тойынған масынған адамның бейнесін көріп тұрмын. Сөздері ауыр тиіп тұр”, “Мен бай емеспін. Бірақ мен де осы кісі сияқты ойлаймын. Шамаға қарамай оңды-солды ала беретіндерді айтып тұр. Ондай таныстарым жетерлік. Банк карталарын кредитін төлемегені үшін жауып тастаған. 11 миллион теңге тұратын көлікті 22 миллион етіп қайтару дұрыс емес”, – деп жазды көпшілік.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий