Бүркіттің зәулім үйі мен көліктері ел назарын аударды

Бүркіттің зәулім үйі мен көліктері ел назарын аударды
21.05.2025 15:50
0
124
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Бүркіт (Бүркіт Тұрсынов) қызды болып, жақындарын дастарқан басына жиып, қуанышымен бөлісті. Шоумен Руслан Ысқақовтың айтуынша, өнер иесінің үйі мен көліктері көпшіліктің қызығушылығын тудырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Бүркіт ағамыздың шаңырағында қонақтамыз. Ағамның көліктерін қызығып, көріп қалдық. Екі Range Rover мен Rolls-Royce бар екен. Бассейндегі суы да жып-жылы болып тұр. Ағамыз қызды болып жатыр. Құтты болсын», – деп жазды шоумен Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Бүркіт көліктерге ерекше ықыласпен қарайтынын бұрын да айтқан. Журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің тұрмыс-тіршілігі туралы кеңінен баяндаған болатын.

«Астымда жақсы көлік болмаса, өзімді жайсыз сезінемін. Тұлпарсыз батыр сияқтымын. Балаларды тасуға және саяхаттауға арналған микроавтобус, Range Rover – Аишанікі, Rav4 – қарындасымдікі және Bentley өзімдікі. 520 шаршы метрлі екіқабатты зәулім үйді үш жылда соқтым. 2011-де құрылыс жұмыстарын бастап, 2014-те отбасымен осында көштік. Бір аулада екі үй бар. Бірін ата-анама арнап салдым», – деген еді әнші.

Оның кең әрі жайлы үйі, бірнеше қымбат көлігі мен жайлы ауласы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий