Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов қазақ тіліне қатысты ақыл айтты

Эстрададан кәсіпкерлікке бет бұрған Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі парақшасында ел ішінде жиі бұрмаланып айтылатын қала атауларына қатысты пікірін білдіріп, қоғамда маңызды мәселені көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
"Неге Ақтөбеліктер өз қаласын “Ақтюбе” дейді? Актюбинск емес, Ақтөбе. Семипалатинск емес, Семей. Устькаман емес, Өскемен. Уральск емес, Орал. Қазақтың қалалары емес сияқты естіледі. Қазақша атауларының өзі керемет қой", — деп жазды ол.
Кәсіпкердің бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі оны қолдап, "ұлттық санаға үн қосқанын" айтса, енді бірі оның түр-әлпетіне, сақалына тиісіп, мәселені әзілге айналдырды.
Пікірлер қатарында:
“Өзіміз білеміз, еркелетіп солай айтамыз”, “Саған бәрібір емес пе қалай айтсақ та?”, “Рүстем алдымен өзін жөндесін” дегендер де болды.
Бұл жазба қалалардың тарихи және ұлттық атауларын дұрыс қолдану мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетті.
Соңғы жаңалықтар





