Бұрынғы әйелі туралы айтқан Жігер Ауыпбаев елден оңбай сөз естіді

Бұрынғы әйелі туралы айтқан Жігер Ауыпбаев елден оңбай сөз естіді
16.05.2025 10:17
0
668
ашық дереккөзден

Жігер Ауыпбаев соңғы сұхбаттарының бірінде өзінің жеке өміріне қатысты шындықты ашып, ажырасу тақырыбын қозғады. 

Әнші қоғам тарапынан жиі сынға ұшырайтынын айтып, жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, көпшілік әлеуметтік желіде отбасын тастап кетті деп айыптайды. Алайда, ол әкелік міндетін естен шығармағанын, балалар үшін үй мен өзге де мүлікті бұрынғы жарына қалдырғанын атап өтті. Қазіргі таңда өзі жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын да жасырмады.

Әншінің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбірі: «Үйін бергенін міндет қыла ма», «Бес бала туғанда жақсы ғой», «Жақсы адам туған баласын тастамайды», «Үй беріп, әкелік парызды орындай алмайсың» деген секілді сыни пікірлер қалдырды.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев бұған дейін қара нәсілді қызға үйленіп жатқанын көрсетіп, көпшілікті таңғалдыратын пранк жасаған болатын. Бұл оқиға да желіде кеңінен талқыланған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий