Бүрынғы ғашығын соққыға жыққан танымал актер ақыры сотталып кетті

Озан Гювен, Түркияның танымал актері, бұрынғы сүйіктісі Дениз Булутсузға қатысты күш қолдану ісі бойынша 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Türkiye Gazetesi сайты жазды.
Сот Озан Гювенді Түркия Қылмыстық кодексінің “қасақана дене жарақатын келтіру” бабына сәйкес кінәлі деп таныды. Алайда "қорлау" және "заңсыз бостандықтан айыру" баптары бойынша актер толық ақталды.
Айта кету керек, айыптау тарапы соттан актерге 13 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
2020 жылы Озан Гювен мен Дениз Булутсуз арасындағы жанжал қоғам назарын аударған. Булутсуз актердің өзіне қол көтергенін мәлімдеп, сотқа шағым түсірген еді. Бұл іс Түркия мен шет елдік БАҚ назарында болды және жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы қозғалыс аясында кеңінен талқыланды.
Озан Гювен Түркиядағы кино мен телехикаялар арқылы танымал болған актер. Оның бұл ісі қоғамда кең резонанс тудырып, танымал тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты пікірталастар туғызды.
Соңғы жаңалықтар





