Бұрынғы президент 15 жылға сотталды

Бұрынғы президент 15 жылға сотталды
28.04.2025 14:10
0
87
Фото: freepik.com

Украинаның бұрынғы президенті 15 жылға сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Экс-президент шекараны заңсыз кесіп өту мен елден кетуге үгіттегені үшін айыпталды.

Украинаның Бас прокуратурасы Украинаның төртінші президенті мен мемлекеттік күзет басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шығарды. 

Майдан істері жөніндегі департаменттің прокурорлары да 15 және 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот айыптаулардың орынды екенін мойындап, барынша қатаң жазаны тағайындады.

Прокурорлар сотта 2014 жылдың 23 ақпанында экс-президенттің мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы бастығымен және Ресей өкілдерімен сөз байласып, әуе арқылы Украина шекарасын заңсыз кесіп өткенін дәлелдеді. Сондай-ақ, ол өзімен бірге 20-ға жуық жақын серіктесін және мемлекеттік күзет қызметкерлерін алып кеткен.

Олар мемлекеттік шекараның арнайы бекеттерінен тыс жерден ұшқан.

Қашқын президент Украина және Ресей аумағындағы қозғалыс маршруты Ресейдің күзет қызметі мен Оңтүстік әскери округінің әскери қызметкерлерін толық бақылауына алған. Ол Ресей президентімен тікелей келісіп, әрекет еткен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий