Бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа сот үкімі шықты

19.05.2025 10:55 Арман Ермеков Арман Ермеков
Бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа сот үкімі шықты
0
611
Ашық дереккөз
1 млрд ұрлады: Қожағапанов 3 жылға сотталды

Бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа сот үкімі шықты

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шығып, ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, нәтижесінде 1 миллиард теңге көлеміндегі қаржыны жымқырған деп танылды. Дүйсенбі күні оған қатысты сот үкімі жарияланып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Шыққан сот үкіміне сәйкес, Ерлан Қожағапанов Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағында (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) көрсетілген қылмыс бойынша кінәлі деп танылып, оған үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте, судья лауазымында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында лауазымдар атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Сот Қанат Тобағалиұлы үкімді оқыған кезде: «Жаза мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Бұлтартпау шарасы – қамауда ұстау Қылмыстық кодекстің 62-бабының 3-бөліміне сәйкес сақталсын. 2024 жылғы 1 наурыздан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін сотқа дейінгі қамауда ұсталған уақыт қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күнін бір жарым күнге есептеу арқылы есептелсін», - деп атап өтті.

Осы іс бойынша екінші сотталушы – өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастырумен айналысқан Success K компаниясының басшысы Ләззат Көккөзова. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлімі бойынша («алаяқтық») кінәлі деп танылып, оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар, оған жеті жыл ішінде осындай іс-шараларды ұйымдастыру құқығынан айырды.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі мен мердігерлік ұйым басшылығының ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын. Олар лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген ауыр айыптар тағылған еді.

Ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукан өз мәлімдемесінде Қожағапановтың 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің 15-ші шекара маңы ынтымақтастығы форумын өткізуге қатысты коммерциялық ұйымның мүддесін лоббиледі және онымен шарт жасасты деген күдікпен тергелгенін хабарлаған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий