«Бұтыңды талтайтып отырма, нәпсімді ұстай алмай қалам»: желіде ер адамның жас қыздың киімін сөккені талқылануда

Әлеуметтік желіде аялдамада болған оқиғаның видеосы тарады. Кадрларда егде жастағы ер адамның қысқа киім киген күшкентай мектеп оқушысына ескерту жасап, «Бұтыңды талтайтып отырма» деп ұрысқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Аялдамада отырған басқа қыз оған қарсы пікір білдіріп, ешкімнің өзгеге қалай киіну керектігін айтуға құқы жоқ екенін жеткізеді. Бұған ашуланған ақсақал видеоға түсіріп тұрған қыздың телефонын тартып алмақ болғанын көруге болады.
«Менің киімімде неңіз бар?» - деп жауап берген қыздың телефонын ақсақал жұлып алған сәті видеоға түсіп қалған.
Видеоны салған адамның сөзінше ер адам «Нәпсімді ұстай алмай қалам» деген сөздер айтқан.
Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік мұндай әрекеттің дұрыс-бұрыстығына қатысты пікір жазып жатыр.
Соңғы жаңалықтар





