Черногорияда атыс: 12 адам қаза тапты, үш күндік қаралы күн жарияланды

Черногорияда атыс: 12 адам қаза тапты, үш күндік қаралы күн жарияланды
02.01.2025 12:52
0
174
ybis.ru
Черногория билігі қайғылы оқиғаға байланысты шаралар қабылдауда.

Черногорияның тарихи астанасы маңында болған атыс салдарынан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қайғылы оқиға орын алған елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқандардың ішінде екі бала бар, тағы төртеуі ауыр жарақат алған. Оқиға сәрсенбі күні батыс Черногориядағы мейрамханада болған жанжалдан кейін орын алған.

Полицияның мәліметінше, 45 жастағы Ако Мартинович мейрамхана иесін, оның балаларын және өз отбасы мүшелерін атып тастаған. Кейін атысушы өзін-өзі өлтірмек болып, ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмған.

Черногорияның ішкі істер министрі Данило Сарановичтің мәлімдеуінше, қылмыс бес түрлі жерде жасалған. Қылмыскер алдымен мейрамхана ішінде төрт адамды атып, кейін көшеге шығып, тағы бірнеше адамды жарақаттаған.

Оқиға орнына барған полиция оны қоршауға алған кезде, Мартинович өзін-өзі атқан.

Черногория президенті Яков Милатович бұл оқиғаны «үлкен трагедия» деп атап, халыққа көңіл айтты. Ал премьер-министр Милойко Спаич жарақат алғандарды емдеу процесін қадағалау үшін ауруханаға барып, үш күндік қаралы күн жариялағанын мәлімдеді.

"Бұл қайғылы оқиға Черногория халқының есінде мәңгі қалады. Құқық қорғау органдарында қосымша полицейлерді жұмысқа тарту және қару-жараққа толық тыйым салу туралы мәселені қарастырамыз," – деді Спаич.

Ақпарат CMN.KZ сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или