Дана Нұржігіт тың жаңалығымен бөлісті
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт оқырмандарына күтпеген жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Тележүргізуші көптен бері ойында жүрген жоспарын жүзеге асырып, жеке кітабын баспаға тапсырғанын айтты.
«Жасың құтты болсын, оқырманым! Отпан таудың басынан ұшқын алған жүрек жалыны сөнбесін! Бар бастамаң жемісті болсын, жақсыларым! Олай болса, мен де тәуекел етіп, бір амал жасадым. Кітабымды баспаға тапсырдым. Тағдыры сәтті болсын деп Аллаға тапсырдым. Тілеуімді тілеп қойыңыздар», – деп жазды Дана Нұржігіт.
Тележүргізушінің бұл жаңалығы оқырмандарын қуантты. Көпшілік оған сәттілік тілеп, болашақ кітабының жарық көруін асыға күтетінін білдірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...