Дархан Сатыбалды "Қайрат" футбол клубын Чемпиондар лигасына өтуімен құттықтады

Дархан Сатыбалды
27.08.2025 10:22
0
180
Сурет: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ "ҚАЙРАТ" ФУТБОЛ КЛУБЫН УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қайрат" футбол клубының Еуропаның ең беделді турнирі – Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуіне байланысты құттықтау жолдады. Қала басшысы алматылық команданың бұл жетістігі жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлап, бүкіл ел үшін мақтаныш болғанын атап өтті.

Әкім өз сөзінде команданың жоғары деңгейдегі шеберлігі мен жеңіске деген жігерін ерекше бағалады. Ол клубқа еуропалық аренада сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.

"«Қайрат» футбол клубын тарихи жетістігімен – жеңісімен және Еуропаның ең беделді додасы, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймын!

Алматылық команда өз шеберлігі мен жігерін айқын көрсетті. Бұл жеңіс – барша алматылықтар үшін қуаныш, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш.

Клубқа алдағы уақытта да жеңістер мен Еуропа алаңында сәтті өнер көрсетуді тілеймін.

Алматыда жаңа заманауи стадионның салынуы Қазақстан футболының дамуына тың серпін беретіні анық.

Жеңіс құтты болсын!" – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий