Дархан Сатыбалдының 9,6 млн теңгелік күртелері қызу талқыланып жатыр

23.02.2026 15:27 Мөлдір Талғат
Дархан Сатыбалдының 9,6 млн теңгелік күртелері қызу талқыланып жатыр
324
Фото: коллаж politico.kz

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Дархан Сатыбалдының қымбат сырт киімдері туралы жазбаны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Politico.kz. 

Threads платформасында жарияланған постта әкім киіп жүрген делінген брендтік пуховиктер мен күртешелердің бағасы көрсетілген.

Жазба авторларының мәліметінше, әңгіме Brunello Cucinelli, Mandelli және Stefano Ricci брендтерінің сырт киімдері туралы болып отыр. Үш бұйымның жалпы құны шамамен 9,6 миллион теңгені құрайды деп есептелген.

Пікірлерде қолданушылар түрлі көзқарас білдірді. Кейбірі қарапайымдылықты мысалға келтіріп, мектеп директорлары жылдар бойы бір костюммен жүргенін, соған қарамастан адал адам ретінде бағаланғанын жазды. Басқалары Алматының жылы климатын ескеріп, бірнеше қымбат пуховиктің қажеттілігіне күмән келтірді.

Сонымен қатар, бірқатар желі қолданушысы шенеуніктің сырт келбетіне қатысты сын айтуды орынсыз деп санайды. Олардың пікірінше, ірі қаланың басшысы мәртебесіне сай көрінуі тиіс, ал жоғары табысы бар адам үшін қымбат киім сатып алу қалыпты жағдай.

Тағы бір пікірде Дархан Сатыбалдының бизнестегі тәжірибесі бар екені еске салынды. Қолданушының айтуынша, ол қымбат киімдерді қызметке тағайындалмай тұрып-ақ ала алатын, әрі жоғары лауазымдарға көбіне материалдық пайдадан гөрі беделін жоғары қоятын ауқатты адамдар тағайындалады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий