Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
07.10.2025 09:40
0
543
видеодан алынған кадр

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек актер Дархан Мұсаев пен журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың үстінен ресми арыз жазғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, жағдайдың мән-жайына тоқталды.

Айгүл Орынбектің айтуынша, бала асырап алу мәселесі — отбасылық және жеке өмірге қатысты құпия болып саналады, ал оны жария ету заңмен тыйым салынған әрекет. Ол бұл жөнінде:

«Баланы асырап алу – отбасылық және жеке өмірге қатысты құпия болып саналады. Бұл құпияны жария ету ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу) және 146-бабы (бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша жауапкершілікке әкеледі», – деп жазды.

Заңгер кейбір азаматтар заң нормаларын білмеуі мүмкін екенін мойындағанымен, журналистердің мұндай мәселеде заңнан бейхабар болуы ақталмайтынын атап өтті. Ол журналистік этиканы сақтау – қоғам алдындағы маңызды міндет екенін еске салды.

«Журналист – ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін адам. Рейтинг үшін біреудің тағдырын талқыға салу кәсіби абыройға көлеңке түсіреді», – деп жазды Айгүл Орынбек.

Сондай-ақ ол ар-намыс пен беделге нұқсан келтіру фактілері бойынша заң шеңберінде шара қолданылатынын айтып, Алматы қаласы Ішкі істер департаментіне Нұрсейіт Жылқышыбай мен Дархан Мұсаевқа қатысты қылмыстық іс қозғау туралы ресми арыз жолдайтынын мәлімдеді.

Айгүл Орынбектің пікірінше, бұл жағдай тек бір адамның құқығын қорғау мәселесі емес, жалпы қоғамдағы журналистік этика мен заң үстемдігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Ол барша бұқаралық ақпарат құралдарын жеке өмірге қол сұқпау және заң талаптарын қатаң сақтау принциптерін ұстануға шақырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий