Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
20.06.2025 17:18
0
122
Фото: freepik.com

Қазгидромет 21, 22, 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Республиканың басым бөлігіндегі ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ та жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейеді, ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

"Ауа температурасы бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Күндіз термометр бағаны батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 18-30 градус жылыны, Қазақстанның орталығында 20-33 градус жылыны көрсетеді. Шығыста кейбір аудандарда 35 градусқа дейін қатты ыстық болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болады және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - деп жазылған хабарламада.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий