"Денем көгерген": Say Mo экс жұбайынан көрген қорлығы туралы айтып берді

06.04.2025 15:55
0
54

Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембек актер Шәріп Серіктен тұрмыста кезінде көрген қорлығын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәлімдемеге түрткі болған — Шакентидің бұрынғы сүйіктісі Алия Бутееваның жариялаған видеосы. Онда бейнебақылау камерасынан түсірілген кадрлар көрсетілген: актер Әлияны лифттен дөрекі түрде сүйреп шығарғаны анық байқалады. Бұл видео қоғамда үлкен дау туғызып, әлеуметтік желіде актер үлкен сынға ұшырады.

Осы дау аясында, бірнеше жыл бұрын Шакентимен некеде болған, 2021 жылы ажырасып кеткен әнші Say Mo Instagram парақшасында бұл қарым-қатынаста өзі де абьюзға ұшырағанын мәлімдеді. 

Қазір менде дәлел жоқ. Бұрын анама жіберген, денем көгерген суреттерді өшіріп тастағанмын. Әр жанжалдан кейін ол кешірім сұрайтын. Актер сияқты «тізерлеп» келетін. Абьюзивті қарым-қатынаста болмаған адам жәбірленушінің әрекетін ешқашан түсінбейді. «Неге шыдадың?» деп сұрайсыздар ма? Білмеймін.

Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарауы керектігін білмеймін, өйткені бала күнімде ондай үлгіні көрмедім. Анам көп жұмыс істеді, мен еркекше өсіп кеттім. Бір күні кең көлемде сұхбат беріп, бәрін айтып берем, – деді ол.

Say Mo-ның айтуынша, жағдайды ашық айтуға жасаған алғашқы әрекеті – 2021 жылдың көктемінде, ажырасқаннан кейін бірден шыққан “Woman” атты әні болған. Әнші сол әнде басынан өткен нәрсені айтқанын, әннің түпкі мағынасы не және сол сәтте кім туралы екенін кез-келген адам түсінетінін, сондай-ақ адамдардың оны естімегені әнші қыздың үндемей қалғаны болып саналмайтынын да айтты. 

Мен үнсіз қалған жоқпын, мен айқайладым! Әннің не туралы екенін ақымақтың өзі түсінер еді, — деп ашық айтты өнер иесі. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий