Депутаттар Назарбаевтың қызы иемденген көшесін қайтаруды талап етті

Депутаттар Назарбаевтың қызы иемденген көшесін қайтаруды талап етті
18.07.2025 10:35
0
487
Бейнеден кадр

Депутат Базарбек пен Пономарев Назарбаев қызына тиесілі көшені қайтаруды сұрады

Алматыдағы Алма-Арасан шатқалының түбінде орналасқан Әлмерек көшесі жекенің меншігіне өтіп кеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Сергей Пономарев дабыл қақты. Олардың айтуынша, бұрын бәріне ашық болған бұл көше 2014 жылдан бері еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаеваның жеке меншігі ретінде рәсімделген.

«Көшені қалайша жекеменшікке өткізіп жіберген? Бұл не деген сорақылық? Неге заң Назарбаевтың қызына келгенде жүрмей қалады?», - деп наразылық білдірді депутат Бақытжан Базарбек.

Депутаттардың сөзіне қарағанда, Әлмерек көшесінің жабылуы қарапайым халыққа айтарлықтай қиындық туғызған. Бұрын тікелей осы көшемен жүріп, қалаға тез жететін тұрғындар енді 20 минуттық айналма жолмен қатынауға мәжбүр.

Мәжілісмендер мұны әділетсіздік деп атап, әділдік орнатуды, нақтырақ айтқанда, Әлмерек көшесін халыққа қайтаруды талап етіп отыр.

Дереккөз: POLITICO.KZ

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий