Дильназ Ахмадиеваның даулы бейнебаяны: Білім басқармасы жауап берді

Дильназ Ахмадиеваның даулы бейнебаяны: Білім басқармасы жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының «Milfa» әніне түсірілген бейнебаянына қатысты Алматы қалалық білім басқармасы ресми түсініктеме берді. Желіде қызу талқыға түскен видео колледждердің бірінде түсірілген болып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Басқарманың мәліметінше, оқиға кезінде оқу орнының басшысы іссапарда болып, түсірілімге оның міндетін атқарушы рұқсат берген. Алғашында әншінің студенттермен шығармашылық кездесуі жоспарланғанымен, колледж басшылығы бейнебаянның мазмұны мен сценарийін тексермеген.

 «Түсірілім жұмыстарын тиісті келісімсіз ұйымдастыруға жол берген колледж директоры міндетін атқарушының тәртіптік жауапкершілігі қаралады», — деп хабарлады білім басқармасы. Жауапты тұлғаларға қатысты ұйымдастырушылық шаралар қабылданады.

Қоғамдық сыннан соң «Азия» тобының әншісі Ренат Басит арнайы видео жариялап, көпшіліктен кешірім сұрады.

Ол өздерінің де аналары мұғалім екенін, ұстаздар қауымының беделіне нұқсан келтіру ойда болмағанын айтты. Ал топ өкілдері бұл жұмыстың Бритни Спирстің клипіне жасалған пародия екенін және оған кәсіби актерлер қатысқанын мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу