Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне қымбат сыйлық жасады
«Алтын белгі» иегері күтпеген сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Астанада мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру рәсімі өтті. Биыл елорда бойынша 16 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алды.
Салтанатты шарада №83 мектеп-лицейдің түлегі Максим Цой ерекше құрметке ие болды. Ол оқуын үздік аяқтап, «Алтын белгі» төсбелгісі мен қызыл аттестатқа қол жеткізді.
Максим бұған дейін де әлеуметтік желілерде кеңінен танылған еді. Соңғы қоңырау мерекесінде ұстазымен бірге билеген видеосы желі қолданушыларының ықыласына бөленіп, көпшіліктің жылы лебізін жинаған болатын.
Аттестат табыстау рәсімінде жас түлекке тосынсый жасалды. Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайберген оның білімге деген ынтасы мен табандылығын жоғары бағалап, арнайы сыйлық ретінде ноутбук тарту етті.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл сыйлық Максимнің жетістіктеріне көрсетілген құрмет пен қолдаудың белгісі. Осылайша, мектеп бітіру кеші жас түлек үшін есте қаларлық ерекше күнге айналды.
Соңғы жаңалықтар