Назарбаев тағы бір ықпалды лауазымынан айырылады
Мәжіліс депутаттары балаларға Ұлттық қордан қаражат аудару, төлеу және пайдалану мәселелеріне қатысты заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz сайты Orda.kz-ке сілтемемен.
Құжатқа сәйкес, балалардың арнайы шоттарына Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі аударылатын болады. Сонымен қатар заң аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Басқару жөніндегі кеңесін тарату туралы норма енгізілді.
Осы өзгеріске байланысты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған кеңестегі мәртебесінен айырылады.
Мәжіліс депутаты Мәди Такиевтің айтуынша, түзетулер «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңның күшін жоюына байланысты заңнаманы біріздендіру мақсатында әзірленген.
Сенат заң жобасына жалпы саны 10 түзету енгізген. Оның ішінде редакциялық және құқықтық сипаттағы өзгерістер бар. Атап айтқанда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мақсатты жинақтарды аудару тәртібіне қатысты нормалар нақтыланған.
Енді заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар