Димаш Құдайбергеннің анасы ұлының жанкүйерлеріне үндеу жасады

Димаш Құдайбергеннің анасы ұлының жанкүйерлеріне үндеу жасады
26.05.2025 15:34
0
239
Фото: instagram / sveta_aitbaeva73

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева ұлының жанкүйерлеріне арнап жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл жазба 24 мамыр күні Димаштың туған күніне орай көпшіліктің құттықтауына байланысты шыққан. Белгілі болғандай, биыл әнші 31 жасқа толды.

«Димашымызды құттықтаған барлық жанға үлкен алғысымды білдіремін! Сіздердің ақ ниеттеріңіз бен баталарыңыздың арқасында ол қайда жүрсе де, аман болады деп сенемін! Алла разы болсын! Ұрпақтарыңыз сіздерге қуаныш сыйласын! Әсіресе құрметті #dears қауымына ерекше алғыс айтамын – елімізге деген құрметтеріңізге, отбасымызға деген ықыластарыңызға және Димашқа деген сүйіспеншіліктеріңізге мың алғыс!» – деп жазды Светлана Айтбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне Лара Фабианның концертінен кейін ерекше тосынсый болатыны хабарланған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий