Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады

Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады
Ашық дереккөз

Түркістан қаласы 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай шешімді Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) қабылдаған.

«ICESCO шешімімен келесі жылы қасиетті Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады», – деп жазды президент.

Аталған мәртебеге байланысты Түркістанда бірқатар ауқымды мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бастаманың негізгі мақсаты – рухани бірлікті нығайту, түркі өркениетінің сабақтастығын сақтау және мәдени мұраны дәріптеу.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу