Димаш Құдайбергеннің анасы жаңа құдаларының жақсы қасиеттерін атап өтті (ВИДЕО)

Димаш Құдайбергеннің анасы жаңа құдаларының жақсы қасиеттерін атап өтті (ВИДЕО)
16.09.2025 15:27
0
123
Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen

Жақында ғана қызын ұзатқан Димаш Құдайбергеннің анасы жаңа құдаларының қандай адамдар екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Светлана Айтбаева el.kz сайтына берген сұхбатында Раушанның жолдасының қайын атасына ұқсайтынын атап өтті.

«Ұқсастырып жатыр Раушанның папасына, оған өте қуанамыз. Дегенмен ол өзі өзінің ата-анасынан тәрбиесін алған, соларға ұқсайтын бала ғой. Балаға қарап, қазіргі құдаларымызбен танысқанда көңіліміз тіпті орнықты. Өте жақсы адамдар: ақкөңіл, ақпейіл, орнықты. Өсіп-өнген үлкен әулет екен. Ағайын-туыспен керемет араласып, сондай бірін-бірі қадірлеп, сыйлап отырған жақсы жер екен. Соны көріп, өте қуандық», – деді Светлана Айтбаева.

 

@elkzportal

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева El-Women жобасына сұхбат берді. Өнер иесі қызы Раушанның күйеуі жігіт мен отбасы туралы айтып берді. Ол құдаларының өсіп-өнген үлкен әулет екенін атап өтті. «Иә, Раушанның папасына ұқсатып жатыр. Әрине, оған өте қуанамыз. Дегенмен, ол өзінің ата-анасынан тәрбиесін алған, соларға ұқсайтын бала ғой. Балаға қарап, болашақ құдаларымызбен, қазіргі құдаларымызбен танысқаннан кейін көңіліміз тіпті орнықты. Өте жақсы адамдар, өсіп-өнген үлкен әулет екен. Ағайын-туыспен керемет араласып, бірін-бірі қадірлеп, сыйлап отырған жақсы жер екенін көріп, қуандық. Ата-анасы, әжелері бар, ағайын-туыстарының ілтипаты ерекше жандар екен. Әрине, мұның бәрі үлкен-үлкен қуаныш», - деді Светлана Айтбаева. Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер!

♬ оригинальный звук - el.kz
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий