Димаш Құдайбергеннің қарындасы нәзік бейнесімен тәнті етті

Димаш Құдайбергеннің қарындасы нәзік бейнесімен тәнті етті
18.04.2025 21:01
0
75
Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің кіші қарындасы Раушан Instagram парақшасына жаңа фотолар жариялап, желі қолданушыларынан мақтау сөздерге бөленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Раушан фотоларын карусель форматында жариялады. Кадрларда ол нәзік образда — ұзын қатпарлы белдемше мен айвори түсті кофта киген. Шашын жайып, макияжсыз түскен суреттері фотоларды одан әрі әсерлі әрі романтикалық ете түскен. Артқы фонда әсем ән ойнап тұр.

"Галереяда босқа жатпасын деп", — деп жазды Раушан.

Желі қолданушылары оны жылы пікірлерге көмкерді:

"Сұлу әрі ерекше!", "Неткен керемет және әсерлі! Күн шуағында жарқырап тұр", "Гүлдей нәзік, көркем әрі сүйкімді", "Нағыз ханшайым!", "Тамаша раушан гүліндей", "Қандай нәзік, ал ән тіпті ерекше!", "Керемет, тура анаңызға ұқсайды!", "Жаным", "Нәзік қыз" — деп тамсанды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий