Димаш Құдайбергеннің қарындасы үйлену тойынан әсерлі суреттермен бөлісті

09.09.2025 12:06 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Димаш Құдайбергеннің қарындасы үйлену тойынан әсерлі суреттермен бөлісті
0
258
Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан алғаш рет өз тойынан ресми суреттер жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Тойдан бірнеше апта өткен соң, 24 жастағы Раушан жолдасы, актер Ермахан Аймаханмен бірге түсірілген фотосуретттерін көпшілікке көрсетті.
Бұған дейін Раушан ұлттық киімдегі суреттерін жарияласа, бұл жолы еуропалық үлгідегі фотосессиямен бөлісті. 
Қалыңдық ұзын жеңді, шілтерлі және жамылғысы бар талғампаз көйлек киген. Ал күйеу жігіт классикалық, ашық түсті костюм таңдаған.
Түсірілім ерекше жылы әрі романтикалық атмосферада өткені байқалады: кадрларда жас жұбайлар қол ұстасып, бір-біріне деген ыстық сезімдерін паш еткен. Бір суретте Ермахан сүйіктісінің маңдайынан сүйіп тұрған сәті бейнеленген.


«Мәңгілікке бірге», – деп жазды постта Раушан Құдайберген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий