Димаштың анасы Роза Рымбаеваға ерекше сый жасады

Соңғы күндері Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның тойы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Қазақы салт-дәстүрмен өрілген дүбірлі тойға еліміздің танымал өнер жұлдыздары да қатысып, тойдың көркін қыздырды. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Мирас пен Құралай сынды сахна саңлақтары болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ todayinfo.kz-ке сілтеп.
Дүбірлі тойда Димаштың анасы қонақтарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар табыстады. Әсіресе, Роза Рымбаеваға арнап арнайы сый дайындағаны көпшіліктің назарын аударды. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап үлгерді.
«Қазақта әрбір рәсімнің өзіндік мағынасы бар. Тойбастарда арнайы кәдесін беру дәстүрі бар. Сол себепті, осы шаңырақ көтеріп жатқан жастардың белгісі ретінде, алтын мен күміспен көмкерілген шаңырақ бейнесі бар алқаны Роза апайға тарту еткім келеді. Сіз әрқашан қазақтың жарқыраған Розасы болып жүре беріңіз», – деді Димаштың анасы.
Желі қолданушылары Димаштың анасын салт-дәстүрге жүйріктігі үшін мақтап, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар





