Динара Қырықбаева артық салмағы туралы айтты

Әнші, актриса Динара Қырықбаева босанғаннан кейінгі артық салмақтан арылу тәжірибесімен бөлісті. Өнер иесі бұл жолда хирургиялық әдістің ғана емес, ең алдымен төзімділік пен тәртіптің маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Динараның айтуынша, әр босанудан кейін өз дене пішінін қабылдау оған оңай болмаған.
«Мен үш баланың анасымын. Үшеуін де кесір тілігі арқылы дүниеге әкелдім. Әр босанудан кейін салмағым 100 келіге дейін жететін. Ал менің қалыпты салмағым – 65 кг. Бұл өзгерістерді қабылдау қиын болды. Бірақ сол артық килограммдар – менің өмірімдегі ең бақытты сәттердің белгісі. Өйткені дәл сол кезде мен балаларымды құшағыма алдым», – деді актриса.
Үшінші босанудан кейін Динара Қырықбаева іш аймағындағы артық салмақтан арылу үшін операция жасатуғашешім қабылдаған. Алайда ол бұл қадамды түпкі нәтиженің емес, ұзақ еңбектің бастауы деп санайды.
«Қалғанының бәрі – спорт, дұрыс тамақтану, өзін-өзі бақылау және сенімнің арқасы. Қазір айналамнан жылы сөздер естимін, өзгелердің назарын байқаймын. Бірақ мұның артында үлкен еңбек жатыр. Маңыздысы – салмақ емес, өз тәніңде жайлы сезіну. Әр әйел оған жете алады. Уақыты ұзақ болуы мүмкін, бірақ ең бастысы – тоқтап қалмау», – дейді ол.
Соңғы жаңалықтар





