Динара Сәтжан күйеуінің өтінішін қалай орындағанын айтты

Белгілі тележүргізуші және продюсер Динара Сәтжан енді ресми түрде Динара Жанықұл екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «КешRec» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Құжаттарымды ауыстырдым. Енді Динара Жанықұлмын. Қазіргі уақытта менің паспортымда 0 виза болды. Енді визаларды алып жатырмын. Осындай шешімге келдік. Жаңа өмір бастадым. Бәрі жаңа. Мен сәуір айында тұрмысқа шықтым ғой. Сосын сүйіктім менен “Сен құжаттарды қашан ауыстырасың?” деп сұрады. Мен мораль тұрғысынан дайындалып жатқанымды айттым. Өйткені, қаншама бюрократия, жұмыс. Сосын бір жолы жиналып, ХҚКО-на бардым. Сөйтсем, бір күнде алуға болады екен. Жанықұл деген керемет, маған ұнайды», – деді тележүргізуші.
Айта кетейік, Динара сәуір айында сүйіктісіне тұрмысқа шыққан болатын.
Соңғы жаңалықтар





