Динара Зәкиева бала психикасын бұзатын ойындар тізімін жариялады
Қазақстандағы бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасына балаларға қауіпті кітаптар, онлайн ойындар мен топтардың тізімін жариялады.
Тізімде «Көк кит», «Қаш немесе өл» сияқты топтар көрсетілген. Ол ата-аналар чаттарына таратылды.
Балалардың құқығын қорғау комитеті барлық мектеп чатына қауіпті топтар мен кітаптардың тізімін, сондай-ақ назар аудару керек белгілер мен балаларды түрлі қатерлерден қорғау үшін көмекке жүгінуге болатын қызметтердің байланыс мәліметтерін қамтитын ескертуді жіберді, - деп жазды Динара Зәкиева.Сондай-ақ ол ата-аналарға балаларының жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлерін жаттап алғанына көз жеткізуі маңызды екенін атап өтті. Балалардың өмірге қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсінгені де аса қажет.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...