"Дінде болмайды": қыз медициналық көмектен бас тартқан анасының кесірінен қайтыс болды

Ұлыбританияда 20 жастағы Палома Шемирани есімді қыз медициналық көмектен бас тартқан анасының әрекетінен көз жұмды. Анасы – вакцинацияға қарсы қозғалыстың белсенді мүшесі әрі бұрынғы медбике – қызына көмек көрсетпек болған дәрігерлердің жұмысына да кедергі келтірген.
Бұл оқиға туралы LADBible басылымы жазды.
2023 жылдың желтоқсанында Паломаға Ходжкинге жатпайтын лимфома диагнозы қойылған. Алайда отбасы дәстүрлі химиотерапиядан бас тартып, оның орнына "балама ем" ретінде сокотерапия мен кофелік клизманы таңдаған.
Марқұмның анасы — Кейт Шемирани — медициналық жалған ақпарат таратқаны үшін қызметінен босатылған бұрынғы мейірбике. Ол классикалық медициналық емдеу тәсілдерін "фармацевтикалық саладағы қастандық" деп атап, қызын емдетуден үзілді-кесілді бас тартқан.
Паломаның жағдайы ауырлаған кезде, оның ағасы жедел жәрдем шақырған. Алайда жедел жәрдем фельдшері Робин Бастың айтуынша, Кейт дәрігерлердің қызға көмектесуіне физикалық тұрғыда кедергі келтіріп, қызының "тамаққа тұншығып қалғанын" айтумен болған. Алайда жүргізілген сот-медициналық сараптама тыныс жолдарын қысқан үлкен ісікті анықтады — қыздың өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.
Полиция қыздың өзі жазып қалдырған аудиожазбаларды зерттеуде. Онда Палома дәрігерлер қойған диагнозды жоққа шығарып, "бұл – жалған ақпарат" деп айтқан. Тергеу барысында анасының емнен бас тартуға қаншалықты ықпал еткені анықталатын болады.
Соңғы жаңалықтар





