Доллар 500 теңгеден төмен түсті: Мамандар басты себептерін атады

Доллар 500 теңгеден төмен түсті: Мамандар басты себептерін атады
17.02.2025 11:49
0
432
© Sputnik / Владислав Воднев
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?

Ақпан айында теңге күшейіп, доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сарапшылардың пікірінше, теңгенің нығаюына бірнеше фактор әсер еткен.

Біріншіден, ақпан – салық төлеу кезеңі. Әсіресе, ірі мұнай-газ компаниялары экспорттық түсімдерін теңгеге ауыстырып, бюджетке төлемдер жасайды. Сонымен қатар, импортқа сұраныс осы айда төмендейді, себебі мемлекеттік сатып алулардың басым бөлігі әлі жүзеге аспаған.

Екіншіден, рубльдің нығаюы. Ресей валютасы Украинаға қатысты бейбіт келіссөздер туралы сигналдар шыққаннан кейін күшейді. Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланысы тығыз болғандықтан, теңге де рубльмен бірге өсім көрсетті.

Үшіншіден, Ұлттық банктің әрекеті. Теңге бағамын тұрақты ұстау мақсатында Ұлттық банк келесі құралдарды қолданды:

  • Долларды сату арқылы алтын резервін теңестіру. Бұған дейін алтын сатып алу теңгемен жүргізілсе, қазір Нацбанк оған сәйкес көлемде доллар сатып, айырбас бағамын тұрақтандыруда.
  • Банктерге резервтік талаптарды күшейту. Бұл шара несие беру деңгейін төмендетіп, теңгеге сұранысты арттырады.
  • Жоғары базалық мөлшерлеме. Қазіргі жоғары ставка теңгелік активтерді тартымды етіп, валюталық алыпсатарлықты шектейді.

Экономистер теңгенің қазіргі тұрақтылығын уақытша құбылыс деп есептейді. Ақпан айының соңына дейін бұл үрдіс сақталуы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімде теңге қайта қысымға ұшырауы мүмкін. Бұл ретте қаржы нарығының ашықтығы маңызды рөл атқарады.

Қазақстандағы шетел валютасына шектеулер ұзақ мерзімде экономикалық агенттердің алдын-ала әрекет етуіне мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, бизнес пен жеке тұлғалар валютаны қажеттілік туындаған сәтте ғана сатып алады, бұл бағамның кенеттен өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, теңгенің нығаюы қысқа мерзімді құбылыс болғанымен, ұзақ мерзімді тұрақтылық үшін қаржы нарығының икемділігі мен ашықтығы қажет.

Ақпарат informburo.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий